USD
USD
USD

Жапон теңізіне зымыран ұшырған кім?

Жексенбі күні Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай жақын қашықтықтан екі баллистикалық зымыранды ұшырды.

Жапон теңізіне зымыран ұшырған кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жапония қорғаныс министрлігі екі снарядтың шығыс жағалауынан солтүстік-шығыс бағытта сағат таңғы 6:10-да ұшырылып, теңізге құламас бұрын, Жапонияның жағалаудағы экономикалық аймағының сыртындағы нүктесінде 250 метрдей жерге ұшқанын мәлім етті.

Осы ай басталғалы Солтүстік Корея АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің баллистикалық зымырандар технологиясы қолданылатын кез келген ұшыруға тыйым салғанына қарамастан, снарядтарын кезекті рет ұшырды. Жапония үкіметінің хабарлауынша, 2 және 9 наурызда Солтүстік Корея шығыс аудандарынан ұшырылған снарядтар – шағын қашықтықтағы баллистикалық зымырандар.

Сонымен бірге, 21 наурызда Солтүстік Корея батыс ауданынан екі баллистикалық зымыран ұшырған.

«Біз Солтүстік Кореяның әлемдік қауымдастыққа неге қарсы шығып жатқанын мұқият талдаймыз», – деп мәлімдеді жексенбі күні таңертең Жапонияның Қорғаныс министрі Таро Коно.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

жол апаты

Шыментте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

қаржы жымқыру

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.