USD
USD
USD

Жапон парламентіне қауіп төнді

Жұма күні Өкілдер палатасының мүшесі жаңа коронавирусқа оң нәтиже көрсетіп, ауруханаға жатқызылды. Бұл жапон депутатының алғаш инфекция жұқтыруы, – деп хабарлайды Киодо агенттігі.

Жапон парламентіне қауіп төнді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биліктегі либералды-демократиялық партияның мүшесі Шуичи Такаторидің жұма күні таңертең ыстығы көтеріліп, 37 градустан асқан.

Дегенмен ыстығы басылып, антигендерді сынау нәтижелері оң болды, дейді оның кеңсесі. 59 жастағы ер адам сәрсенбіде премьер-министр Есихидэ Суга сайланған төменгі палатаның пленарлық отырысына қатысқан.

Сондай-ақ, онда бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ және ЛДП бас хатшысы Тошихиро Никаймен амандасқан.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция