USD
USD
USD

Жапон кәсіпкері 2023 жылғы Айға сапарына 8 адамды таңдап алады

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өздерін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл SpaceX фирмасы ұйымдастырған әлемдегі алғашқы жеке ғарыш саяхаты.

Жапон кәсіпкері 2023 жылғы Айға сапарына 8 адамды таңдап алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Zozo Inc. сәнді киімдер интернет-дүкенінің негізін қалаған Маэдзава 10-12 адамнан құралған топқа мүше болу үшін өтініш тастап жатқандар ғарыш саяхаты кез келген шығармашылықтың шекарасын кеңейтіп, нәтижесінде «басқа адамдар және жалпы қоғам» көмегін сезінуі керек деді.

Ол YouTube арнасына ағылшын және жапон тілдерінде екі видео жариялап, dearMoon жобасы командасының әлеуетті мүшелері команданың басқа өкілдерін қолдауға «дайын және қабілетті» болуы керек екенін айтты.

Айға бару, оның айналасында жүру және қайту жалпы алты күнге созылады, Маэдзава экспедиция ақысын жеке саяхат ретінде өзі төлейді. Өтініштер 14 наурызға дейін қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті