Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жапаров Путиннен көмек сұрады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путиннен Тәжікстанмен арадағы шекара мәселесін шешуге көмек сұрады, деп хабарлады Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

Жапаров Путиннен көмек сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғыз президентінің өтінішін Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов жергілікті радиостанциялардың бірінің эфирінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Астанада Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшыларының үшжақты кездесуінде Жапаров Путинге сондай өтініш жасаған.

«Мұның бәрі дер кезінде қабылданбаған шешімнің кесірінен болып жатқаны туралы ашық әңгіме болды. Жапаров Путиннен шекара мәселесін шешуге көмек сұрады. «Мүмкін сіз көмектесерсіз, өйткені оны шешу қиындап барады» деді. Ресей тарапы ойланып, түпкілікті жауап беруге уәде берді», - деді Иманқұлов. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық