USD
USD
USD

Жануарлар мен құстарға екпе салынатын болды

Биыл Қазақстанда жануарлар мен құстарға 150 млн-нан астам екпе салынады, – деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Жануарлар мен құстарға екпе салынатын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылы жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151 млн-нан астам манипуляция, сондай-ақ 68 млн-нан астам диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.

Қазақстан аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының таралуынан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау үшін республиканың ветеринариялық қызметі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, малды уақтылы диагностикалау және вакциналау жұмыстарын жүргізеді», делінген хабарламада.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті осыған байланысты жыл сайынғы иммундық алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді.

«Халықаралық Эпизоотиялық бюроның тізіліміне түрлі аурулар мен инфекциялардың 88 түрі енгізілген. Қазақстандық тізілімде тек 68 түрі тіркелген. Олар біздің елімізде Кеңес одағы кезінен бері келе жатыр. Қазіргі уақытта оның 45 түрі бойынша эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Ал, 23 түріне диагностика және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жануарлар мен құстарды вакциналау бойынша 151,1 млн манипуляция, сондай-ақ 68,1 млн диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, тиісті жұмысты жергілікті атқарушы органдар жанындағы мемлекеттік ветеринариялық ұйым биыл ақпан-наурыз айларында бастайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза