USD
USD
USD

Жансель Дениз халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркиядағы турнирде топ жарды. 

Жансель Дениз халықаралық турнирде топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Түркияда халықаралық турнирде топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz. Түркияның Стамбул қаласында таеквондодан рейтингтік WT President's Cup Europe жарысы өтті. Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны қос жүлдемен толықты. Әйелдер арасында 73 келіде сынға түскен Жансель Дениз өз салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал ерлер арасында бақ сынаған ССамирхан Әубакіров 54 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қоржынға салды. Айта кетерлігі, аталған турнир Жансель Дениздің Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы додасы.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors