USD
USD
USD

Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады

Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович Үндістандағы Гран-при турнирінің қатысушыларынан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жансая Әбдімәлік турнирден кетуін түсіндірді, ал ФИДЕ басшысы шахматшылардан кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ФИДЕ сайтындағы мәліметке қарағанда, Үндістанға келген шахматшылар ұйымдастырушылардың өрескел қателігінен бірқатар қолайсыздыққа тап болған.

Соның салдарынан Қазақстан өкілі Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысудан бас тартқан. 11 шахматшы қалғандықтан, турнир кестесін қайта жасауға тура келді, дегенмен Гран-при кезеңі өтеді.

Дворкович қалған 11 қатысушыдан кешірім сұрап, барлығына хат жолдаған.

"ФИДЕ сондай-ақ қосымша координатор белгілейді. Ол толығымен қатысушылардың қарамағында болады және кез келген барлық қосымша шығынға өтемақы ұсынады", - делінген ФИДЕ сайтында.

Бұдан бөлек әйелдер турнирлерін ұйымдастырудың қағидасы мен стандарты қайта жіті қаралып, алдағы іс-шараларды ұйымдастырушылардың біліктілігі арттырылатыны жазылған.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі