USD
USD
USD

Жансая Әбдімәлік Ұлытау облысында ең ірі шахмат академиясын ашты

Жезқазғанда бес дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы өз жұмысын бастады, деп жазды egemen.kz.

Ә
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

Алматы, NEGE. Аталған филиал еліміздегі ең үлкен академия атанып отыр. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр, оқушы саны - 1000-ға жуық.

«Ұлт ұясы – Ұлытауда сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Барлығыңызды академияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы спорт саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде, спортшыларымыз әлемдік додаларда әрқашан биіктен көрініп келеді. Шахматта біздің спортшылар әлемдік додаларда өте жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Елімізде 8 мыңнан астам шахмат үйірмелері жұмыс істейді. 270 мыңнан астам бала шахматпен айналысады. Жансаяның өзі халықаралық гроссмейстер. Әлемдік аренада топ жарып, өзінің спорттағы жолынан бөлек, балаларды спортқа баулып, оларға жол ашып жатыр. Келешекте осындай академиялардан әлемдік додаларды бағындыратын спортшылардың өсіп шығатынына сенімдімін», - деді ашылу салтанатына қатысқан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Сонымен қатар академияның ашылуы аясында KAZAKHMYS YOUTH TEAM CHESS CUP атты алғашқы халықаралық балалар командалық турнирі ұйымдастырылды. Додаға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Моңғолиядан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?

forte

Қазақстанда бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

QR-код