USD
USD
USD

Жанна Мамажанова рекорд жаңартты

Нидерландыда өткен Роттердам марафонында отандасымыз Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Соңғы рет рекордтық көрсеткішті 1987 жылы Токиода Зоя Иванова орнатқан, деп ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Жанна Мамажанова рекорд жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері Зоя Иванованың ол кездегі көрсеткіші - 2:27:57 болған. Ал, Жанна Мамажанова 42 шақырым 195 метр қашықтықты 2:26:54 уақытта кесіп, Роттердам марафонының қола жүлдесін жеңіп алды.

«Марафон ойдағыдай өтті. Жүгіру барысында қарқынды бірқалыпты ұстауға тырыстым. Қазақстан рекордын жаңартуды алдын ала жоспарладым. Ол үшін маған әрбір шақырымды 3:30 минутта өту керек болды. Жүгіріп келе жатып, әйелдер арасында шамамен «топ-8», «топ-7» қатарында болатын шығармын деп ойладым. Бірақ, соңғы шақырымдарда кениялық екі қызды байқадым. Мәрені кескенде де өзімнің үшінші болып келгенімді білмедім. Мен үшін бастысы, ірі халықаралық додада ел рекордын жаңарту болды», - дейді қазақстандық желаяқ Жанна Мамажанова.

Бұл марафон 1981 жылдан бері дәстүрлі түрде өтеді. Әлемнің үздік он марафоны қатарына кіреді. Биыл онда 13 мыңнан аса атлет бақ сынаған.

Жанна Мамажанова – ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы.

Ведомство мәліметінше, Роттердамдағы жетістігі спортшыға 15-24 шілде аралығында Орегонда (АҚШ) өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес