USD
USD
USD

Жанкүйерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлерін Алматы әуежайында күтіп алды

Елімізге тарихи жеңіс сыйлаған спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының «күміс» жүлде иегері Нариман Курбанов пен нысана көздеуден араға 28 жыл салып, «қола» жүлдеге ие болған қос отандасымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев елге оралды.

Олимпиада чемпиондары
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Барша қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды.

Естеріңізге салсақ, Нариман Курбанов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал, нысана көздеуден ел қоржынына сонау 1996 жылдан бері алғашқы жүлдені сыйлаған отандастарымыз Александра Ле мен Ислам Сатпаев Париж Олимпиадасының «қола» жүлде жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы