USD
USD
USD

Жанқош Тұраров мысырлық боксшыны 45 секундта жеңді

  Елорданың Ж.Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.

Жанқош Тұраров мысырлық боксшыны 45 секундта жеңді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған бокс кешінде белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен мысырлық Абдумонем Саид қолғап түйістірді. 10 раундық жекпе-жектің алғашқы раундында-ақ қазақстандық спортшы қарсыласына бауырдан ауыр соққы жасап, кездесуді ерте аяқтады. Айқас 45 секунд ішіндпе тәмам болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен аяқтап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар