USD
USD
USD

Жанқош Тұраров DAZN-ның бокс кеші өтетінін мәлімдеді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) титулды айқасын Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанқош Тұраров DAZN-ның бокс кеші өтетінін мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшының мәлімдеуінше DAZN стримингтік компаниясы қазақ жерінегі бокс кешін әлемнің 200 еліне трансляция жасайды.

"DAZN және MOVIDA промоутерлық компаниясы тарихымызда тұңғыш рет Қазақстаннан тікелей эфир жүргізеді, ол әлемнің 200 еліне тікелей хабар таратады ?? 
Бұған менің IBO Intercontinental белбеуі үшін әлемнің ТОП 65-тен шыққан испаниялық Энрике Луиске қарсы титулдық жекпе-жегім себеп болмақ. Бұл кездесу әлем чемпионы (IBO) белбеуі үшін жекпе-жек алдындағы соңғы аралық кездесуім. Жекпе-жек 11 желтоқсанда оңтүстік астанамыздағы ең үлкен алаң – «Almaty Arena»-да өтеді. 

Алла Тағаланың қалауымен 25 жекпе-жектен бірде-бір жеңіліссіз өтіп, туған елімнің туын шынайы мақтанышпен желбіретіп келемін. Осы жекпе-жек арқылы сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен, біздің «Жаңа Қазақстан» мерекесімен құттықтауға уәде беремін, достар! Әрқашан маған көрсететін баға жетпес қолдауыңыз үшін рахмет!
- Сіздердің Жанқош Тұраров", - деп жазды Жанқош Тұраров инстаграм парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.