USD
USD
USD

Жаңыл Балтабаева Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды

Мажарстанның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Париж-2024 Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Жаңыл Балтабаева
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Чемпионаттың В финалында (VL3 клас) өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жетті.

Осы бәсекеде польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып жетті. Жаңыл ел қоржынына Паралимпиаданың 12-ші лицензиясын салды.

Бұған дейін пара каноэдан Спатай Бибарыс, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова және Нышан Өмірәлі алған болатын.

Париж-2024 Паралимпиадасы тамыздың 28-і мен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 540 теңгеге жетуі мүмкін

доллар бағамы

Қазнет жұлдызының Күрес федерациясы вице-президенті атануы жұртқа неге жақпады?

Айдос Қожахметов

Ержан Жиенбаев Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Ержан Жиенбаев

Депутат Ербол Айтуов қайтыс болған клиникада жансақтау бөлімі болмаған

Ербол Айтуов