USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына қосылды

Белгілі бокс шолушысы Дэн Рафаэль 2021 жыл қорытындысы бойынша перспективті үздік кәсіьи боксшылар тізімін ұсынды. Бұл жайлы sports.kz жазды. 

Жәнібек Әлімханұлы үздіктер қатарына қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың қатарына бұрын-соңды жеңіліп көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кірді. Ол 19 боксшының ішінде алтыншы болды.

«Top Rank промоутерлік компаниясы мен менеджері Эгис Климастың қамқорлығындағы солақай Әлімханұлы жақсы көтеріліп келеді, қазірдің өзінде оны заңды үміткер деп тануға болады. Ол 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетті. Сонымен қатар 2013 жылғы әлем чемпионаты, 2013 және 2014 жылдардағы Азия чемпионаттарында «алтын» иеленген. Ол кәсіби боксшсы ретінде тез көтерілді, соңғы айқастарында орта салмақтағы бұрынғы титул иелері Роб Брант пен Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберді. Қазір ол WBO әлем чемпионы Деметриус Андрадемен айқасатын дәрежеге жетті», - деп жазды Рафаэль Fight Freaks Unite сайтындағы колонкасында.

Үздік үш боксшы қатарына Джаред Андерсон (АҚШ, аса ауыр салмақ), Ксандер Зайяс (Пуэрто-Рико, бірінші орта салмақ) пен Конор Бенн (Ұлыбритания, жартылай орта салмақ) кірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино