USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясына ескерту жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы Top Rank компаниясын сынға алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маған бұл постер ұнамайды. Мен бірінші тұруым керек. Менің есімім бірінші тұруы қажет», – деді Әлімханұлы (9-0, 5КО). Оған америкалық Роб Брантқа (26-2, 18КО) қарсы жекпе-жектің ресми постері ұнамаған. Оны бұған дейін Twitter-де Top Rank промоутерлік компаниясы жариялаған еді. Әлімханұлы компания басшысы Боб Арумға жаңа жекпе-жек туралы ойлай беруді ұсынды, себебі Брантқа қарсы кездесуді оңай деп санайды. Сондай-ақ қазақстандық боксшы биыл қыркүйекте екінші орта салмақта WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 KO) кездесуді қалайтынын айтты. Еске салайық, Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу