USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли ертеңгі айқас алдында көз арбасты

 Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британдық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеп, көз түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли ертеңгі айқас алдында көз арбасты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Міндетті салмақ өлшеу процедурасынан кейін Әлімханұлы мен Бентли соңғы мәрте бетпе-бет кездесіп, көз арбасты.

Алдағы айқаста Жәнібек орта салмақтағы WBO чемпионы белбеуін қорғайды. Бұл - қазақстандық боксшы үшін бірінші титулдық жекпе-жек.

Айта кетейік, Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын.

«Жексенбі, 13 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», - деп жазды Top Rank Instagram-да. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.

Кейін Америка боксшысы Деметриус Андраде Ж.Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесі берілді.

Әлімханұлы – Бентли айқасы жексенбі, 13 қараша күні таңертең өтеді. Тікелей көрсетілім «Хабар» арнасында астана уақытымен сағат 08.00-де басталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City