USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0,8 КО) кезекті жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. 

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көптеген боксшылар жан-жаққа қашқан кезде, шақыруды қабыл алғаны үшін Дензель Бентлиге алғыс айтамын. Лас-Вегастағы The Palms-та әлем чемпионы атағын қорғау мен үшін үлкен құрмет және әлемге «Қазақ стилі» не екенін тағы бір рет көрсететін боламын», – деп келтірілген Әлімханұлының сөзі ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы Instagram-дағы жеке парақшасында: «Вегаста көріскенше! Көзілдірік тағып кел, себебі мен рингте жарқырайтын боламын. Qazaq Style», – деген жазба орналастырды.

Айта кетейік, кеше Top Rank промоутерлік компаниясы Ж.Әлімханұлы – Д.Бентли (17-1-1,14КО) жекпе-жегін ресми түрде жариялаған болатын. «Сенбі, 12 қараша күні Palms-тегі турнирде әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өтеді», – деп жазды Top Rank Instagram-да.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.

Кейін Америка боксшысы Деметриус Андраде Ж.Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толық құқылы әлем чемпионы мәртебесі берілді.  

Қазақстандық боксшыны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. 

Қазір оқып жатыр

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі