USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен кездесті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) жекпе-жек қарсаңында америкалық Роб Брантпен (26-2, 18КО) бетпе-бет кездесті.

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл Әлімханұлының Брантпен алғаш рет жүздесуі. Жекпе-жек 27 маусым, жексенбі күні, таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.

Кештің басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10КО) мен жапон боксшысы Масаёси Накатани (19-1, 13КО) арасындағы айқас болмақ.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6ко) екінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Ал Роб Брант 2020 жылдың тамызында рингке шығып, украиналық боксшы Виталий Копыленконы (28-3, 16КО) бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев