USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы Хайме Мунгияға міндетті қарсылас атанды

 Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) 22 ақпан күні ресми шешім қабылдап, орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібек-Мунгия жекпе-жегін міндетті етті.

Жәнібек Әлімханұлы Хайме Мунгияға міндетті қарсылас атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. WBO шешіміне сәйкес, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0-0, 7 KO) мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0-0, 31 KO) орта салмақта уақытша әлем чепмионы атағы үшін жұдырықтасады. Сондай ақ қос тарап 10 күн ішінде келісімге келуі керек. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген. WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен.

Айта кетейік, Жәнібек WBO Global титулы иегері, атақты промоутер Боб Арумның Топ Ранк компаниясымен келісімшарты бар. Ал орта салмаққа жақында ауысқан Golden Boy промоутерлік компаниясының боксшысы Хайме Мунгия WBO Inter-Continental титулының иегері. Еске салсақ, Әлімханұлы 2021 жылы 21 қараша күні өткен соңғы жекпе-жегінде экс-әлем чемпионы франциялық Хассан Н’Дам Н’Жикамды (38-5, 21 KO) 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Мунгия болса, 19 ақпан күні америкалық Димитриуса Баллардты (21-1-1, 13 КО) 3-раундта техникалық нокаутқа жіберді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік