USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz..

Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта нокдаунға түскен Жәнібек екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur