USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы болашақ қарсыластарын жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін өзінің болашақ қарсыластарын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы болашақ қарсыластарын жекпе-жекке шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келесі кім?» - деп сұрады Әлімханұлы Twitter-де өзінің екі чемпиондық белдігін көрсетіп. Ертерек Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет орта салмақтағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған.

Нжикамға қарсы айқаста қазақстандық WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап шықты. Ол үшінші раундта французды нокдаунға жіберіп, сегізінші раунда жекпе-жекті уақытынан ерте аяқтады. Бұл 28 жастағы боксшының қатарынан бесінші нокауты. Әлімханұлы нокаутпен жеңіске жеткеннен кейін өзінің жанкүйерлеріне арнап видео жазды.


 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе