USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі алғашқы ондықтың басында тұр

Американың әйгілі The Ring журналы бокстан орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлады prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі алғашқы ондықтың басында тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгеріс бар екен. Мысалы, рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін 2-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді.

Сонымен, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті мынадай:

1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

2. Карлос Адамес (Доминикан);

3. Эрисланди Лара (Куба);

4. Сергей Деревянченко (Украина);

5. Крис Юбэнк-младший (Ұлыбритания);

6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);

7. Элайджа Гарсия (АҚШ);

8. Феликс Кэш (Ұлыбритания);

9. Лиам Смит (Ұлыбритания);

10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).

Қазір оқып жатыр

Алматыда таксиші шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жаңа айыптар тағылды

Адам ұрлау