USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын «қазақша стильмен» сұлатты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын «қазақша стильмен» сұлатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отандасымыз германиялық Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды.  АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен бокс кешінде 30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы раундтарда айқын басымдық танытып, қарсыласын дәл соққылармен есеңгіретті. Ал 6-раундта Гуальтери қарсылық таныта алмады, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.

“Бұл – біздің бокс, бұл – “Қазақша стиль”. Осындай стильді тарихта қалдырғымыз келеді”, – деді Әлімханұлы кездесу соңында.

 Еске салайық, бұл – Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы 15-жеңісі. Сондай-ақ еліміздің бокс тарихындағы қос белбеуді біріктіруге арналған кездесуде жеңіске жеткен екінші боксшы. Бұған дейін тек Геннадий Головкин екі рет белбеу біріктірген еді. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси