USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жепе-жегі туралы мәлімдеме жасады

 Орта салмақта WBO Global титулының иегері боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлем чемпионы титулы үшін болатын өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды боксшының желідегі парақшасы. 

Жәнібек Әлімханұлы алдағы жепе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр. Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды. «WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз», - деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында. Одан кейін ол «2021 жылы мен чемпион боламын!» - деді.

Бүгінде Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін күн әзірге белгісіз, алайда спортшы Лос-Анджелесте жаттығу дайындығына кірісіп кеткен. Биылғы жылы 10 қазанда Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы