USD
USD
USD

Жанель Рүстемова Уимблдон турнирінде финалға шықты

Қазақстандық Жанель Рүстемова Уимблдон жасөспірімдер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Жанель Рүстемова Уимблдон турнирінде финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында әлемдік рейтингіде 145-орында тұрған Ж.Рүстемова алғашқы кездесуін іріктеу сайысының 11-ракеткасы болып тіркелген үндістандық Шрути Ахлаватпен өткізді.

Қазақстандық жас теннисші бір сағатқа жуық уақыт ішінде қарсыласын ойсырата ұтты – 6:1, 6:1. Ертең елорда теннис мектебінің түлегі іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 78-ракеткасы, словениялық Эланалия Миличпен ойнайды. Оны жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

«Мен жасөспірімдер арасында «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы матчымда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жақсы дайындалып, бапкердің нұсқауын ұстандым, бірінші болып шабуылдауға тырыстым. Бұл тактика өз жемісін берді. Ертеңгі қарсылас мықты, ол бәсекеде де өзімнің бар күшімді салатын боламын», деді Ж.Рүстемова.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы