USD
USD
USD

«Жанды жара»: Жетісу әкімі «Қапал-Арасан» жайлы сұраққа жауап берді

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев кезінде аты дүркіреген «Қапал-Арасанның» болашағы жеке кәсіпкердің ниетіне байланысты екенін жасырмады.

ortcome.kz
Фото: ortcome.kz

Астана, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Nege.kz Исабаевтан «Қапал-Арасанды» қайта іске қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?» – деп сұрады. Әкімнің айтуынша, нысанның қазіргі иелері 2027 жылы реконструкция жұмыстарын бастамақ. Алайда ол бұл уәделерге күмәнмен қарайтынын жеткізді.

«Жанды жара. (...) Соңғы рет сөйлескенімізде қазіргі иелері жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, 2027 жылға қарай реконструкцияны бастаймыз деді. Бірақ нысан жекеменшікке өтіп кеткен. Уәде беріп отыр, бірақ құрылысқа қатысты сенімім аз», – деді әкім.

Исабаевтың айтуынша, 15–18 жыл бұрын санаторий жеке кәсіпкердің қолына өтті. Ол 2–3 жыл осы іспен айналысты да, кейін басқа компаниялар тобына сатып жіберді. Олар тағы үшінші компанияға сатыпты.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі