USD
USD
USD

Жандарбек Бекшин мәлімдеме жасады

Алматыда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Жандарбек Бекшин мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тәулігіне 1500- ден астам жағдай тұрақты түрде тіркеліп отыр. Бұл жағдай 28 шілдеден бастап жалғасып келеді. Тамыз айынан бүгінгі күнге дейін 24,3 мың жағдай, жыл басынан бері 105,6 мың жағдай тіркелді», - дейді ол. Оның айтуынша, өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны сәл төмендеді.

«Тәуліктік өсім тамыздың алғашқы күндеріндегі 1,5% - дан бүгінгі күнге 1,22% - ға дейін төмендеді. Десекте, соңғы аптадағы «симптомдық» науқастардың салыстырмалы салмағы алдыңғы аптамен салыстырғанда 93%-дан 94% - ға дейін артты, бұл айналымдағы COVID-19 нұсқасының жоғары патогенділігін көрсетеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түскенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот