USD
USD
USD

Жандарбек Бекшин: Эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.

Жандарбек Бекшин: Эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазан айында Алматыда коронавирус инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Осы апта ішінде оқшаулану 10-12 жағдайға дейін өсу байқалады. Тек өткен тәулік ішінде 12 жағдай тіркелді, 10 жергілікті және 2 жағдай Египеттен келген туристерден анықталды», - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол этиологиясы анықталмаған пневмонияның 4 жағдайы тіркелгенін атап өтті.

«Қазір күн сайынғы өсім 0,5%, репродуктивті коэффициент 1,06%. Егер индекс мәні 1-ден көп болса, бұл эпидемияның өсіп келе жатқандығын білдіреді»,– деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер