USD
USD
USD

Танымал спортшы күтпеген жерден спорттан кететінін мәлімдеді

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Жанбота Алдабергенова
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.

"Әр басталған нәрсенің өз соңы бар. Мен өзім айналысатын  спорт түріне әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын. Бұл сезімді қатты сағынатын боламын! Маған әлемді көру мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Рухы мықты, ерекше жандармен таныстырғаның үшін алғыс айтамын. Командама барлық еңбегі мен қолдауы үшін, сондай-ақ менің спорттық жолымда бірге жүрген барша жанға үлкен рахмет!

Өз мансабымда әр деңгейдегі 125 жарысқа қатыстым: Үш қысқы Олимпиада ойындарына; Сегіз әлем чемпионатына; 54 Әлем кубогының кезеңіне; төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына. Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім.

Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады. Демек, Қазақстанда бұл тарихи жетістікке жететін спортшы мен емес болғаным ғой.

Дегенмен, еліміздің фристайл-акробатикасына үлкен үлес қосқанымды және осы спорт түрінде әзірге ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізгенімді мақтанышпен айта аламын (мақтанғаным емес, бұл шындық).

Мен Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артамын. Ал мансабымды аяқтауымның басты себебі – өткен маусымның желтоқсанында алған жарақатым (жамбасымның шығуы). Денсаулық мен үшін қазір бәрінен маңызды», – деп жазды Алдабергенова.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.