USD
USD
USD

Жанболат Зиядин қызметінен кетті

Төтенше жағдай кезінде облыс пен қаланың шекарасына қойылған блок-посттардан әрі бері кедергісіз өтіп жүрген көліктердің бірінде болған Жанболат Зиядин қызметінен босатылды.

Жанболат Зиядин қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, Nege.kz порталы бұл туралы алғашқылардың бірі болып жазған. «Генералдың немересін перзенханадан шығарып алушылар» жол ережесін өрескел бұзғанымен қоймай, блок-посттарға да пысқырмаған. Бұл жағдай жұрттың ашу-ызасын тудырды. Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиядин төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін қызметтік тексеру кезінде жұмыстан босатылғанын хабарлаған. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев видео-конференция кезінде Жанболат Зиядиннің қызметінен біржола босатылғанын айтты.

«Қауіпсіздік пен заңдылықтың сақталуын қадағалау – ішкі істер саласының негізгі міндеті болып қала береді. Төтенше жағдай мен карантин режимін бұзуға жол бермейміз. Жеке құрамға талап одан да күшті. Мұны қатардағы қызметкер де, олардың басшылары да есінен шығармасын», – деді Е.Тұрғымбаев.

Потрульдік полиция полкының командирі Қуанышбаев та қызметінен кетіп, заңсыздыққа жол берген полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті