USD
USD
USD

Жанболат Мамайдың әйеліне айыппұл салынды

Журналист Инга Иманбайға – Қазақстанда тіркелмеген демократиялық партияның лидері Жанболат Мамайдың жұбайына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазТаг.

Жанболат Мамайдың әйеліне айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің Жанболатты босатуларын талап еткенім үшін 95 мың теңге айыппұл салды», - деп хабарлады сәрсенбі күні Иманбай. Бұған дейін ҚР ӘҚбК 488 бабы бойынша (бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) әкімшілік іс қозғалғаны туралы хабарламаны көрсетіп, Иманбайды полицейлердің алып кеткені туралы хабарланған еді.

Еске салсақ, Иманбайдың күйеуі - Жанболат Мамайды 12 наурызда әкімшілік қамауға алғаннан кейін босату керек болатын, алайда олай болмады. Белгілі болғандай, ол қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде ұсталыпты - саясаткерге билік өкілін балағаттау және әдейі жалған ақпарат тарату кінәсі тағылуда. Айыптаулардың бірі бойынша жәбірленуші ретінде Алматы полиция қызметкерлері өтіп жатыр. Мамайдың жақтастары мұның саяси астары бар деп мәлімдеп, Алматы полиция департаменті ғимаратының алдында аштық жариялады.

Кешке, 14 наурызда сот Мамайды екі айға қамауға алды. 

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити