USD
USD
USD

Жанболат Мамайды ұстады 

Ұсталған саясаткер Жанболат Мамай Қаскелендегі Ішкі істер басқармасына жеткізілді. 

 Жанболат Мамайды ұстады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамайдың ұсталған сәтін оның әйелі Инга Иманбай бейнежазбаға түсірген. Сондай-ақ, Қазақстанның Демократиялық партиясының бастамашысы Мамаймен бірге оның әкесі Нұрлан Бәйтереков те ұсталды. Мамай полицейлерден не үшін ұстағаны жөнінде құжат көрсетуін талап еткенмен, оны бірден алып кеткен.  

17 ақпанда белгісіз біреулер Жаңаөзен қаласының белсендісі Мұратбай Жұмағалиевтің көлігін өртеп жіберген. Ол Алматы қаласында өтетін Демпартияны құру жөніндегі съездге баруды жоспарлаған. Партияны құру жөніндегі бастамашының бірі Жанболат Мамайдың айтуынша, бұған биліктің қатысы бар көрінеді. Бұған дейін Жұмағалиев әлдекімдердің ізіне түсіп, тіпті полиция көлігінің соңынан қалмай қойғаны туралы жазған. 
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы саяси белсенді Мақсат Айсаутов та Демпартия құрылатын қарсаңында 5 тәулікке қамалған. Бұдан бөлек тағы бір саяси белсенді Исатай Өтепов те съездге жолға шығардың алдында қылмыстық тексеруге шақырылған.   

Сенбі күні Демпартия Алматы қаласында митинг өткізуді жоспарлаған. Бір күн бұрын партияны құрушылардың съезі өтпек болған. Алайда, партияның Атырау, Ақтау, Орал, Жаңаөзен, Қарағандыдағы ондаған жақтасының ұсталуына байланысты жүзеге аспай қалды. Бұдан соң Жанболат Мамай "билік съезді ақыры өткізбей қойды" дей келе, халықты саяси репрессияға қарсы митингке қатысуға шақырған еді. Алдын ала жоспар бойынша, съездге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1 мыңдай делегат қатысуы керек болған.   

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер