Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жанболат Ағаділдің өлімі бойынша полиция түсініктеме берді

10 қарашада сағат 22.56-да 102 арнасына Көктал шағын ауданындағы Болашақ көшесінің бойында жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.

Жанболат Ағаділдің өлімі бойынша полиция түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Полиция қызметкерлері келгенде бір топ жастардың арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, 2 адам дене жарақатын алған.

Оның біреуі 17 жастағы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан зардап шегіп, салдарынан жедел медициналық жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі және 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда жанжалға қатысқандардың барлығын анықтау бойынша және ұсталғандармен тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша әр күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz