Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығады?
WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында рингке қашан шығатынын айтты.
Алматы, NEGE. WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын растады.
Бұған дейін америкалық инсайдерлер «Қазақ стайлдың» жаңа жекпе-жегі жаңазеландиялық міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) болатынын жазған.
Телеарнаға сұхбатында Жәнібек қарсыласының атын атамай, жекпе-жек өтетін күнді ғана жариялады.
«13 шілде күні Лас-Вегастағы Palm Casino Resort кешенінде өтеді», — деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған.
Ол неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (22-1-1, 7КО) мерзімінен бұрын жеңіп, одан IBF титулын тартып алған еді.
26 жастағы Андрей Михайлович мансабында алғаш рет Жаңа Зеландиядан тыс жерде өнер көрсетеді.
Ол Әлімханұлымен жекпе-жекті IBF титулына ресми үміткер ретінде қабылдады.
Михайлович — Ресей тумасы, оны егіз бауырымен бірге Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар бір жарым жасында асырап алған.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады