USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы Астанадағы жекпе-жегінен соң күтпеген мәлімдеме жасады

 Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF нұсқасы бойынша чемпион атағын сәтті қорғағаннан кейінгі сезімімен бөлісті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Ә
Фото: sport-pulse.kz

Алматы, NEGE. Бүкіл қазақ елін жеңісімен құттықтаймын! Осы кеште мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіремін. Алдымда үлкен жауапкершілік болды, өйткені жекпе-жек туған жерімде, Астанада өтті. Біз көрермендерге керемет жекпе-жек көрсеткіміз келді. Міне, сіздер бұл оқиғаның куәсі болдыңыздар. Барлығына тағы да алғыс айтамын, — деді Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін.

Оның менеджері Берік Сұлтанның сөзінше, бұл жеңіс тек команданың ғана емес, барлық қазақстандықтың, сондай-ақ Qazaq Style жанкүйерлерінің жетістігі екенін айтты.

Бұл — тарихи сәт. Біз екі чемпиондық титулды қорғадық, енді біздің мақсатымыз — барлық төрт белдікті алу. Біз осы бағытта жүреміз. Тұрақты түрде қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына, сондай-ақ Спорт және туризм министрі Ербол ағаға, Кеңес Рақышевке рахмет. Бұл бүкіл қазақ халқының жеңісі, — деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy