USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми сайтында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Әлем чемпионы атағынан айыру ықтималдылығы туралы мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бокс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 4 қазанда Австралияның Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі 16-шы жекпе-жегін өткізді. Жерлесіміздің қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович болды. Жекпе-жек тоғызыншы раундта «қазақ стиліндегі» нокаутпен аяқталды.

Бастапқыда Әлімханұлының бұл жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеулер ойнатылады деп жоспарланған, алайда ақырында ол тек IBF атағына таласпен шектелді. Осыған байланысты WBO ережелерді бұзғаны үшін Әлімханұлын өз ұйымының чемпиондық белбеуінен айыруы мүмкін екенін айтып, мәлімдеме жасады.

Осылайша, отандық боксшының командасына WBO-ның орта салмақтағы чемпиондық белбеуі бос деп жарияламасы үшін бұл арада дәлелді себептерді бес күш ішінде алға тарту тапсырылды.

Яғни, Жәнібек Әлімханұлы, егер оның командасы Михайловичпен жекпе-жекте неге бір ғана белбеу қойылғанын дәлелдей алмаса, WBO белбеуінен айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар