USD
USD
USD

Жаңажылдық шыршаның жанында дәретке отырған Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Жаңажылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңажылдық шыршаның жанында дәретке отырған Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласында жаңажылдық мерекелер қарсаңында қар қалашықтары салынды, ал Абылай хан алаңда облыс орталығының басты шыршасы, түрлі инсталляциялар, мұздан жасалған мүсіндер, кішкентай ақмолалықтарға арналған сырғанақтар орналасқан. Мұның бәрі мерекелік атмосфераны, жайлылық пен жақсы көңіл-күйді қалыптастыру үшін жасалады.

Көкшетау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қала тұрғындарының қауіпсіздігін және жаңа жылдық мүсіндердің сақталуын қадағалайды. 28 желтоқсанға қараған түні келеңсіз оқиға облыс орталығының орталық алаңында болды. Бұзақылықтың айқын фактісі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалды.  28 желтоқсан шамамен сағат 05:00-де алаңдағы мониторинг барысында бейнебақылау инспекторы Абылай хан алаңында бірі жаңа жылдық шыршаның жанындағы мұз мүсінінің қасында қажеттілігін өтеген екі әйелді байқады.

Бұзақыны не шамдардың жарығы, не өтіп бара жатқан адамдар да ұялдырмаған. Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасалды. Ақмолалықтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.