USD
USD
USD

Жаңажылдық отшашуға тыйым салынды

Нидерланды үкіметі рождество және жаңажылдық мереке кезінде отшашуларға тыйым салды.

Жаңажылдық отшашуға тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы ережені бұзғандарға 100 еуро көлемінде айыппұл салынады және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жаңа ереже қолда ұстап жағуға қауіпті емес бенгал отына және шағын-отшашуларға қатысы жоқ.

Мұндай шара биыл дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жұмысы қауырт болуына байланысты қабылданып отыр. COVID-19 пандемиясына байланысты олар артық күш салып жұмыс істеп жүр, ал мереке күндері ауруханаға түсетін науқастар саны үш есеге артады екен. Олардың көбісі отшашуларды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде жарақат алады. 

Көптеген кәсіпкерлер тауар алып қойған, Нидерланды үкіметі сатушылардың шығынын өтеп береді. Оларға 40 миллион еуро төленеді және олардың тауарын келесі жылға дейін сақтау үшін арнайы қоймалар қарастырылады. 

Нидерланды – жаңажылдық отшашулардан бас тартқан Еуроодақ елдері арасындағы жалғыз ел емес. Олардың көбісі адамдар топталып жиналмас үшін онлайн-трансляциялармен алмастыратын болады. Прагада, Мадрид билігі және Парижде осындай шара енгізуді қарастырып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy