USD
USD
USD

Жаңатас қаласында 50-ге жуық үй су астында қалды

Жамбыл облысының Сарысу ауданында жауын-шашын салдарынан 400-ден астам нысан мен 47 үйді су басты.

Жаңатас
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 бірлік техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 бірлік техникасы тартылды.

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысуда.

Одан бөлек, бекітілген учаскелерде патрульдеу жүзеге асырылуда. Сел тасқыны облыстық маңызы бар «Жаңатас-Саудакент» автожолының учаскесіне зақым келтірді.

 

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай