USD
USD
USD

Жанар-жағармай бағасы неге қымбаттады?

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанар-жағармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

Жанар-жағармай бағасы неге қымбаттады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылына 800 мың тонна жанармай керек. Әрине, егіс және орақ науқандары бар. Артылған көлемге қатысты айтсақ, біршама жақсы мөлшер бар. Қыркүйек айында мөлшерлемелер төмендей бастады да, тапшылық пайда болды. Қазан айынан бастап артылған көлемнің мөлшері өсе бастады және бүгінде бізде 240 мың тоннадан асып отыр. Бұл жанармаймен қамтамасыз етуде ешқандай қиындықтар болдырмау үшін жеткілікті көлем», - деді Мағзұм Мырзағалиев орталық коммуниациялар қызметінде өткен брифингінде.

Сондай-ақ, ол, жанар-жағармай бағасы мұнайдың бағасына тікелей байланысты екенін еске салды.

«Бағаға келетін болсақ, менің ойымша, бүгінгі таңда жанар-жағар май бағасының қымбаттауына негіз болатын үлкен алғышарттар жоқ. Дегенмен, жанар-жағармай бағасының қалыптасуына мұнай бағасы да әсер ететінін айту керек. Кейінгі аптада бір баррель мұнайдың бағасы 10% немесе 71 доллардан 78 долларға дейін өскенін көріп отырмыз. Сондықтан жанар-жағар май бағасын болжау – берекесіз шаруа. Өйткені біз мұнай бағасының қалай болатынын білмейміз», - деп түсіндірді Энергетика министрі.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп