USD
USD
USD

Жанартау буырқанып жатыр

Таяу уақытта Филиппинде Таал жанартауының атқылауы мүмкін, деп хабарлайды Вулканология және сейсмология институтына сілтеме жасаған ABS-CBN.

Жанартау буырқанып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Филиппиннің Батангас провинциясындағы 14 қала тұрғындарына Таал жанартауының атқылау мүмкіндігіне байланысты ескерту жасалған еді.

ABS-CBN арнасының хабарлауынша, соңғы күндері жанартау сәл тыншыған. Бирек сирек атқылаулар тіркелді. Соның өзінде қою түтіннің биіктігі 100-ден 500 метрге дейін жеткен.

Филиппин сейсмикалық желісінің (PSN) хабарлауынша, 12 қаңтардан бастап Таал жанартауының маңында 714 жер сілкінісі тіркелген. Бұл жанартаудың булығып жатқанын білдіреді. Жер сілкіністері және күкірт диоксиді деңгейінің жоғарылауы магманың қозғалуын, жарылудың ықтималдығын көрсетеді.

Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты осыған байланысты қауіптілік деңгейін бес балдық шкаламен есептегенде, төртінші деңгейге дейін арттырды. Сондай-ақ, жақын аудандардың халқын толық эвакуациялауды ұсынды. Жанартаудың атқылау қаупіне байланысты Филиппин билігі 80 мыңнан астам халқы бар Батангас провинциясының халқын эвакуациялай бастады.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель