USD
USD
USD

Жанармай бағасын көрші елдермен теңестіреміз — Роман Скляр

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы жанармай бағасы көрші елдердегі бағамен теңестірлетінін айтты. 

бекет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Біз қазір жылына 90 миллион тоннадан астам мұнай өндіретін елміз. Бірақ мұнай өнімдерін жеткілікті деңгейде өңдеп отырған жоқпыз. 2017-2019 жылдары біз жанар-жағармай өндіру көлемін едәуір арттыра отырып, үш зауытты қайта құруды аяқтадық. Жанармай түрлерін айтсақ, бензин, дизель және әуе керосині бойынша тапшылық 2019 жылға қарай тоқтады. Алайда, әуе керосинін тұтынудың айтарлықтай өскенін ескерсек, тапшылық байқалып отыр, – деді Роман Скляр.

Вице-премьер жанар-жағармайдың бағасын көрші нарықтарға жақындату саясаты жүріп жатқанын еске салды.

– Біз жанармай сыртқа сатылып кетпеу үшін бағасын біртіндеп көршілес елдермен теңестіреміз. Ал ішкі өндіріс ұлғайту жоспарына келсек, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезегін салу жоспарланып отыр. Бұл Шымкентте мұнай өңдеу көлемін 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бағытында іс-шаралар қолға алынады, – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Қазір оқып жатыр

TikTok арқылы диван сатпақ болған әйел 2,5 жылға сотталды

алаяқтық

КҚК теңіз терминалында мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды

танкерлерге шабуыл

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем

Павлодар облысы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

кәріз құдығы