Жанармай қымбаттады
Былтыр жанармай бағасы қараша айында 10 теңгеге қымбаттайды деген ақпарат шыққан еді. Бұдан кейін бұл қымбатшылықтың қаңтар айында келетіні белгілі болған. Алайда, баға 20 қаңтардан емес, айдың ортасынан бастап шарықтап үлгерді.
Алматы, NEGE. Қазірдің өзінде кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 146 теңгеден 149 теңгеге қымбаттады. Бұл халықтың көзін үйрете берудің жолы ма, әлде қалай? Себебі, бағаны біртіндеп өсірмесе, жұрт тарапынан наразылық туындауы мүмкін. Бұл да бір бағаны өсірудің саясаты шығар, кім білсін?
Қысқасы, біздікілер жанармай бағасын Ресейдікімен теңестіргісі келетіні анық. Мұны биліктегілер өздері де жасырған емес. Біз қайда, Ресей қайда? Екі елдің экономикасын да салыстыру мүмкін емес.
Тақырыпқа орай: Жанармай мен коммуналдық төлемнің қымбаттайтын күні белгілі
2020 жылдың 1 қаңтарынан бензин акцизі екі еседей өсіп, тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін көтерілді. Сонымен, жанармай бағасы қымбаттай бастады, ал коммуналдық төлем Алматы және Алматы облысында қаңтардан өсіп жатыр деген ақпарат бар.