USD
USD
USD

Жанармай бекетін «тонаған» өзі екен

Түркістан облысының полицейлері ойдан шығарылған, жалған тонау қылмысын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жанармай бекетін «тонаған» өзі екен
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Таңғы сағат 6.30 шамасында Кентау қаласының полиция бөліміне жанармай құю бекеттерінің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден Кентау ҚПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері жетті. Жанармай құю бекетінің қызметкерінің айтуынша, белгісіз ер адам оны ұрып-соғып, күш көрсетіп қорқытып, 170 мыңнан астам теңгесін тартып алған. Бұл жайт ҚР ҚК 191-бабы “Тонау” бойынша СДТТБТ-да тіркелді. Тәртіп сақшылары тонау қылмысын ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Оның ішінде бейнебақылау камералары мен қылмыстың орнын мұқият тексеріп, куәгерлерден жауап алынды. Тергеу барысы және күдіктілерді іздестіру нәтижесінде жедел уәкілдер, бір тәулік ішінде тонаудың жалған болғанын анықтады. Көп ұзамай полицейлер қылмыс туралы жалған ақпарат бергенін мойындаған жәбірленушіні ұстады. Белгілі болғандай, жігіт ақшаны өзі иемдену үшін тонау болды деп айтып, автокөлігінің жүк салғышына ақшаны жасырып қойған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 419-бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Табылған ақша айғақты зат ретінде алынды. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік