USD
USD
USD

Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ведемстваның баспаөсз қызметі.

Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар – Энергетика министрлігі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде « кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ « деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», - деп жазады министліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.

«Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады», - делінген ресми ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық адармауына не себеп?

самұрық

Квазимемлекеттік сектордан түсетін салық неге азайып кетті?

Квазимемлекеттік сектор

Үкіметтің өзі қарызға батып отыр: Мәжілісте мемлекеттік борыш мәселесі талқыланды

.