USD
USD
USD

Жанармай бекетінде хат қалдырған: Алматы облысында шетел азаматы ұрланды

Алматы облысының патрульдік полиция қызметкерлері жанармай бекетінде қалдырылған жазбаның арқасында адам құтқарды.

Жанармай бекетінде хат қалдырған: Алматы облысында шетел азаматы ұрланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы желтоқсан айының 23-нен 24-не қараған түні Алматы облысының полиция департаментінің бақылау бөліміне көрші облыстың тәртіп сақшыларынан жанар-жағармай құю бекеттерінен белгісіз біреу өзін ұрлап бара жатқаны және құтқару туралы өтініші жазылған хат қалдырғаны жайлы хабарлама келіп түскен

Облыс аумағында "Ұстау" жоспары енгізілді.

"Жарты сағат ішінде Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының" Борт-25" экипажы құрамында аға инспектор, полиция майоры А.Тюлюказов және полицияның аға лейтенанты А. Жанабеков Алматы-Бішкек автожолының 76 - шы шақырымында Самсы ауылының маңында 35 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Honda Elysion автокөлігін тоқтатты", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінде.

Құжаттарды тексеру кезінде көлікте тағы төрт ер адам болған, олардың арасында жанармай құю бекетінде құтқару туралы жазба қалдырған көрші республикадан келген 43 жастағы азамат да анықталды.

"Бұл тұлғалардың барлығы Жамбыл облысының ІІБ-не жеткізілді, жәбірленуші күдіктілерге шара қолдану туралы жазбаша арыз берді. Аумақтық материал Жамбыл облыстық ІІД-не беріледі", - дедіқосты полиция майоры Ерлан Мұхамедияров.

Қазір оқып жатыр

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.