USD
USD
USD

Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальде үздік актриса атанды

Жанар Айжанова XXVII Пусан халықаралық кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі»аталымындағы үміткерлердің бестігіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальде үздік актриса атанды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Тағы бір отандасымыз– режиссер Дарина Манапова шетелдік әріптестерімен бірге Кореяда фильм түсіріп жатыр. Пусан халықаралық кинофестивалі 3 жылдан кейін алғаш рет қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Яғни маска киіп кинотеатрлардағы барлық орындарға отыруға рұқсат етілген. Фестивальге 71 елден 242 фильм қатысады. Арасында Қазақстандық екі туынды бар.

Жанар Айжанова өмірінде алғаш рет қызыл кілемнен өтті. Танымал әнші халықаралық кинофестивальге Азиядағы үздік кино актрисаларының бірі ретінде шақырылды. Оның «Аппақ келін» сериалындағы шеберлігі қазылар алқасының көңілінен шықты. Ал басқа 4 үміткермен бірге Жанар ең үздік әйел рөлі номинациясына енді. Жүлде 30 жастағы корей киножұлдызы Пак Ын Бинге «Ерекше заңгер» драмасындағы рөлі үшін берілді. Бірақ «мұндай беделді кинофестивальге қатысудың өзі жеңіс», - деп есептейді Жанар Айжанова.

Жанар Айжанова, әнші, актриса:

Киноға кеше ғана келгенмін, әлі10 жыл болған жоқ. Он жылға жетпей 6-7 жылдың ішінде көзге ілігіп келіп үздіктердің қатарына кірген менде арманы жоқ. Сондықтан да жастарымызға біздің жолды берсін, бізден әрі қарай асып кетсін, фестивальдардан қалмасын жүлделі орынға ие болсын.

Кинофестивальге режиссер Дарина Манапова да қатысуда. Оның шетел әріптестерімен түсірілген фильмнің көрсетілімі болады. Даринаның картиналары бұрыннан белгілі болғанымен, ол үшін Пусан киноакадемиясында оқу жаңа жетістіктерге апаратын жол.

Дарина Манапова, режиссер:

– Мен мұнда 10 адамнан құрылған командамен бірге фильм түсіріп жатырмын. Менімен бірге 3 режиссер 10 күн бойы 1 қысқаметражды фильмді түсіреміз. Оның алдында бір айлық өндіріс алдындағы дайындық бар. Бұл шын мәнінде бірегей бағдарлама, өйткені менің ойымша, Азияда баламасы жоқ. Бізбен күнде сөйлесетін және бұл сирек кездесетін жоғары санатты мамандардан, тәлімгерлерден кеңес алуға үлкен мүмкіндік бар.

Бірде-бір кинофестиваль біздің актерлар мен режиссерлерсіз өтпейді. Фархат Шәріповтың «Схема» фильмі Пусандағы ең үздік азиялық фильм атағына таласады. Қазір әрбір шығармашыл қазақстандықтың өзін көрсетуге мүмкіндігі бар. Жақында Алматы мен Пусан арасында меморандумға қол қойылды, оның бір тармағы контент жасаудағы ынтымақтастық болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Жарықсыз қалды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай