USD
USD
USD

Жаңаөзендік мұнайшылар Тоқаевты 2011 жылы Жаңаөзенде болған қанды оқиғаны қайта тексеруге шақырды

17 маусымда Нұр-Сұлтандағы Қазақстан президенті кеңсесіне Маңыстау облысы Жаңаөзен қаласынан келген "Өзенмұнайгаз" компаниясының екі мұнайшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жаңаөзенде 2011 жылы желтоқсанда болған қанды оқиғаны қайта тергеу жайлы жазған хатын тапсырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жаңаөзендік мұнайшылар Тоқаевты 2011 жылы Жаңаөзенде болған қанды оқиғаны қайта тексеруге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – жаңаөзендік мұнайшылардың мемлекет басшысына дәл осы талаппен жолдаған үшінші өтініші. Айтуларынша, алғашқы хатқа президент кеңсесінен "сот істі әділ қараған, қайта тексеретіндей тың мәлімет жоқ" деген жауап алған. Ал екінші өтінішке ешқандай жауап келмеген.

Нұр-Сұлтанға Жаңаөзеннен жазбаша өтініш алып келген екеудің бірі – 53 жастағы Нұрлыбек Нұрғалиев. Ол 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде полиция алаңдағы бейбіт адамдарға оқ жаудырған кезде тамағынан оқ тиіп жараланған. Онымен бірге келген Мұратбай Жұмағалиев 2011 жылы Жаңаөзеннің орталық алаңында еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көбейтуді жеті ай бойы талап етіп ереуілде тұрған мұнайшылардың бірі.

– 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзенде болған қанды қырғынның дұрыс зерттелуіне билік кедергі жасады. Одан соң "Нұрсұлтан Назарбев кетсін" деп он бір жыл күттік. Енді "жаңа Қазақстан жасаймын" деп Тоқаев келді. Осы Жаңаөзен қантөгісінің құпиясы ашылмаған соң Қаңтар оқиғасы болды  деп ойлаймын. Өйткені, мемлекет қит етсе халыққа оқ ата салуды, түрмеге тығып, азаптауды әдетке айналдырып алды, – дейді Мұратбай Жұмағалиев.

Жаңаөзен мен Шетпеде 2011 жылыжелтоқсанның 16-сы мен 17-сі күндеріполиция бейбіт адамдарға қарсы қару қолданған.

Ресми дерек бойынша, Жаңаөзен оқиғасы салдарынан 17 адам қаза тауып, 100-гетарта адам жараланған. Оқиға куәларымен құқық қорғаушылар қаза болғандар бұдан да көп деп есептейді.

Бірнеше қазақстандық құқық қорғаушы ұйым да Жаңаөзен оқиғасына байланысты халықаралық деңгейде тәуелсіз зерттеу жүргізу туралы бастаманы қолдап, азаптау туралы арыз-шағымдарды тексеруді талап еткен. Бірақ билік құқық қорғаушылар мен белсенділердің "Жаңаөзен шындығы әлі ашылмай отыр" деген тұжырымымен келіспейді.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси