Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жаңаөзенде жезөкшелер карантин уақытында моншада қызмет көрсеткен

Полицейлер сауналарда оңтүстік өңірлер мен Өзбекстаннан келген 21-42 жас аралығындағы 16 қыз-келіншекті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңаөзенде жезөкшелер карантин уақытында моншада қызмет көрсеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында түнгі рейд шараларын жүргізген. 5-ші тамыз күні түнгі сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды.

Полицейлер саунаның әкімшісі мен 7 қызды ұстады. Ұсталғандарды кім екенін анықтау үшін Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Кейін сағат түнгі 23.40 шамасында және 2-лерде «Шаңырақ», «Астана» шағынаудандарында жұмыс істеген сауналардан 9 әйел адам мен әкімшілер ұсталды.

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, тексеру барысында қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.

«Жеткізілген барлық қыздар «жезөкшелік» санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді», - деді полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат