USD
USD
USD

Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты

  Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады.

Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұғалімдер екі мектептің жекеге өтуіне қарсы. Педагогтар Қазақстан президентіне, білім министрі мен облыс әкіміне үндеу жасап, бұған жол бермеуді талап етті«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», –  дейді ұстаздар.

Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.

«Мектептер мемлекет меншігінде қалады», – деп хабарлады ведомство.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар:

-  мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

- күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу;

- білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино